фото: youtube.com/@7kanalSHOW. Суретте: Назым Қызайбай
Үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желіде өзінің жаңа шаш үлгісін көрсетті. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Белгілі боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында ақыры шашын алатынын айтып, оқырмандарына осы жаңалықты жеткізген еді.
Айта кетейік, танымал әнші Жанар Айжанова күйеу баласының шашын өз қолымен тақырлап алып, көптен бергі арманының орындалғанын жеткізген болатын. Осы видеоны Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөліскен боксшы Назым Қызайбай бәстен жеңіліп, шашын осылай алдырайын деп жатқанын жазған болатын.