"Шашымды осылай алдырайын деп жатырмын": боксшы Назым Қызайбай бәстен ұтылып қалғанын айтты

"Шашымды осылай алдырайын деп жатырмын": боксшы Назым Қызайбай бәстен ұтылып қалғанын айтты

фото: sportinside.kz.

Белгілі боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында тосын мәлімдеме жасап, елді таңғалдырды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Танымал әнші Жанар Айжанова күйеу баласының шашын өз қолымен тақырлап алып, көптен бергі арманының орындалғанын жеткізген болатын. Осы видеоны Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөліскен боксшы Назым Қызайбай бәстен жеңіліп, шашын осылай алдырайын деп жатқанын жазды.

"Шашымды осылай алдырайын деп жатырмын... бәстен ұтылып қалдым", – деп жазып, көпшіліктен кеңес сұрады боксшы Назым Қызайбай.