фото: t.me/boxing_kazakhstan. Суретте: Назым Қызайбай
Белгілі боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында ақыры шашын алатынын айтып, оқырмандарына осы жаңалықты айтты. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
"Достар, мені қайда келді деп ойлайсыздар? Барбершопқа келдім. Бәстің аты бәс.Орындау керек. Бүгін менің шашымды алады", – деді Назым Қызайбай.
Айта кетейік, танымал әнші Жанар Айжанова күйеу баласының шашын өз қолымен тақырлап алып, көптен бергі арманының орындалғанын жеткізген болатын. Осы видеоны Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөліскен боксшы Назым Қызайбай бәстен жеңіліп, шашын осылай алдырайын деп жатқанын жазған болатын.