Англия Чемпионшипінің сегізінші турында "Бернли" өз алаңында "Дерби Каунтиді" қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты матчқа қатысқан жоқ, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Кездесудегі алғашқы гол 34-минутта соғылды. Лукас Пирестің пасынан кейін Зеки Амдуни мергендік танытып, алаң иелерін алға шығарды.
"Бернли" бұл басымдығын ойынның соңына дейін сақтап қала алмады. Қосымша уақыттың 93-минутында «Дерби Каунти» футболшысы Мохаммед Фусейни есепті теңестірді.
Осылайша кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Дастан Сәтпаев "Мидлсбромен" өткен матчтан кейін алған жарақатына байланысты "Дерби Каунтиге" қарсы ойынның өтініміне енбеген.
Қазақстандық шабуылшы биылғы маусымда Чемпионшипте үш кездесу өткізіп, Англия лигасы кубогында бір матчқа қатысты.
Матчтан кейін "Бернли" Чемпионшип турнирлік кестесінде 22-орында тұр. Ал "Дерби Каунти" соңғы орында келеді.
"Бернли" келесі кездесуін 10 қазанда сырт алаңда "Уотфордқа" қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.