фото: Видеодан скриншот
Шерзат Полаттың қазасына байланысты сотталған Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергенова сұқбат беру барысында көз жасына ерік берді.
Ақбота Есбергенова журналистің "Сіздің балаңыз кінәлі деп санайсыз ба?" деген сұрағына:
"Кінәлі ғой енді, жартылай кінәлімін деді ғой. Кінәсін мойындады ғой. Енді мен заңды білмеймін ғой. 15 жыл болса да... көп болып кетті тіпті", – деп Ақбота Есбергенова көз жасына ерік берді.
Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот шешімінен кейін айыпталушы Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергенованың айтуынша, ұлы өз ісін мойындап, жауапкершіліктен қашпағанымен, тағайындалған жаза мен 60 миллион теңге көлеміндегі өтемақы олардың отбасына ауыр соққы болған.
Талғар ауданында Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот ісі барысында кей адамдар ел ішінде тараған "Хуторлық Хасан" есімді адам мен оның айналасындағы топ туралы айтқан болатын. Ал сотталушылардың ата-аналары Хасанды көрмегенін, тіпті білмейтінін жеткізді.
Енді ата-аналар Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртегендер мен Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне кінәлілер табылсын деп отыр.
Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов марқұм Шерзат Полаттың отбасынан кешірім сұрауға барғанын, бірақ марқұмның жақындары оларды үйлеріне кіргізбей қойғанын айтты.