фото: Sputnik / Айдана Дайырова
Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов марқұм Шерзат Полаттың отбасынан кешірім сұрауға барғанын, бірақ марқұмның жақындары оларды үйлеріне кіргізбей қойғанын айтты.
"Олар анда отырғанда, қайтып кеп Нұрғанатты өлтіреді, қайтып кеп үйін өртейді. Олардың әке-шешесі барып өлтірмейді ғой. Қаншама рет кешірім сұрап бардық. 4-5 рет бардық. Кіргізбей қойды. Үлкен шалдарымыз бар, апаларымыз бар. Итеріп-итеріп, бәрін қуып жіберді. Кешірім сұрауға бардық. Қайтыс болғанда бірден бардық. Кейін еркектер барған кезде "Сендерді кім шақырды?" деп кіргізбей қойды. Запись те бар. Одан кейін тағы бардық. Кіргізбей қойды ғой, – деді Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов.