"Жұмыссыз қалдық": 23 жылға сотталған Шынасыл Абзалдың анасы мұңын шақты

"Жұмыссыз қалдық": 23 жылға сотталған Шынасыл Абзалдың анасы мұңын шақты

фото: Фото ашық дереккөзден

Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот шешімінен кейін айыпталушы Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергенованың айтуынша, ұлы өз ісін мойындап, жауапкершіліктен қашпағанымен, тағайындалған жаза мен 60 миллион теңге көлеміндегі өтемақы олардың отбасына ауыр соққы болған.

"Жағдайымыз өте қиын. Балама көп жыл берді, мен оған келіспеймін. Өз істеген айыбын мойындады, сол ісімен жазаланды. Енді менің жағдайым да жоқ, 60 млн сұрап отыр. Абзал "өз істегенімді сотта айттым" деді. Өте өкінішті. 60 млн төлей алмаймыз, үйім де жоқ, жағдайым да жоқ. Осы соттың өзінде қиналып кеттік. Жұмыссыз қалдық", – деді Ақбота Есбергенова.