"Хасанды танымаймыз" деген сотталушылардың ата-аналары оның мақтауын асыра жөнелді

"Хасанды танымаймыз" деген сотталушылардың ата-аналары оның мақтауын асыра жөнелді

Талғар ауданында Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот ісі барысында кей адамдар ел ішінде тараған "Хуторлық Хасан" есімді адам мен оның айналасындағы топ туралы айтқан болатын. Ал сотталушылардың ата-аналары Хасанды көрмегенін, тіпті білмейтінін жеткізді. 

«Ондай банда жоқ. Мұның бәрі өтірік сөз. Бұл сөзді кім шығарғанын білмеймін, Қаржаубайлар айтты ғой. Хуторлықтардың бастығы Хасан деп. Осы жерде туып өскен менмін ғой. Ондай банды да жоқ. Хасан туралы ештеңе білмейміз. Қазір олар бұл жақта тұрмайды», – деді Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов.

Айта кетейік, бұған дейін сот процестерінде айыпталған тараптардан "Хутор" атауына қатысты мәліметтер айтылған болатын. Бұл сөз халық арасында үлкен резонанс тудырды.

«Жоқ, бұған дейін осы ауылда банды бар екенін естімедік. Осы ауылда тұрғаныма 25 жыл болды. Бұл ауылда да үлкен ақсақалдар бар. Хасан деген есімді мен естіген жоқпын. Енді осы ауылда тұрған. Ол баланың да жақсылықтарын айтып жатыр. Қаңтар кезінде осы Талғардың бір ғимаратының терезесі сынбады. Жан-жаққа адам қойып, сырттан келген бұзақылардан аман сақтады», – деді Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтардың анасы Айгүл Кемелбекова.