фото: ашық дереккөзден
FaceBook қолданушысы Шынар Құрманғали "билет сатты" деген атқа іліккен Олжас Еспанов туралы фото жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Шынар Құрманғалидың FaceBook желісіндегі ресми парақшасында жариялаған фотода Олжас Еспановтан әлдебіреудің билеттің бағасын сұрап жазғанын көруге болады. Ал Олжас Еспановтың оған жауап ретінде "билеттің бағасы 500 теңге" екенін айтады.
"Охватты көтеру үшін салдым, пранк" деп жатыр еді... Мына балада дым ұят жоқ екен", – деп жазды Шынар Құрманғали.
Еске сала кетейік, "Қайрат" – "Реал" ойыны қарсаңында Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов бірнеше билет сатып алғанын жасырмай, жоғары бағамен саудаға шығарғанын әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Кейіннен бұл мәселеге байланысты Нұрлан Еспанов әлеуметтік желіде арнайы түсініктеме берді.
Сондай-ақ Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов "бұл жайтты ІІМ тексере ме" деген сұраққа жауап берді.