Майғазиев пен Еспановтың ұлдарына қатысты іс қозғала ма? (ВИДЕО)

Майғазиев пен Еспановтың ұлдарына қатысты іс қозғала ма? (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы

Кеше, 30 қыркүйекте Алматыда өткен "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч билеттерінің қайта сатылуына қатысты Ішкі істер министрлігінің пікірін сұрады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлеуметтік желілерде танымал әншілер Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдарына қатысты қызу талқылау басталды. Желі қолданушылары оларды Чемпиондар лигасындағы матч билеттерін қайта сатты деп айыптады.

Бұған дейін пабликтерде Нұрлан Еспановтың ұлы билеттерді 500-600 мың теңге аралығында ұсынғаны жайлы ақпарат тараған. Кейін Сәкен Майғазиевтің ұлы да 350 мың теңгеге билет сатқаны туралы хабарлама жариялағаны айтылды.

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтен бұл жайтты ІІМ тексере ме деп сұрады.

"Мен бұл ақпаратты сіздерден естіп отырмын. Егер ресми шағым түссе, міндетті түрде тексеру жүргіземіз, процессуалдық шешім қабылданады", – деді Әділов.