"Ұлым жемқор емес": Нұрлан Еспанов баласының неге билет "сатқанын" айтты (ВИДЕО)

"Ұлым жемқор емес": Нұрлан Еспанов баласының неге билет "сатқанын" айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оған "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынды тамашалауға арналған билеттерді қымбатқа сатты деген айып тағылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл мәселеге байланысты Олжастың әкесі әлеуметтік желіде арнайы түсініктеме берді.

"Достар, сіздер қызықсыздар, ә?! Менде билет болса қазір "Қайраттың" стадионында айқайлап отырмаймын ба?! Негізі стадионның алдына кеше барып қайтқанмын. Менде билет жоқ. Балам билет сататын болса, оған айтпаймын ба: "Ей, сатпай-ақ қой! Өзіміз-ақ ала салайықшы. Менде де достар бар ғой", – деп. Жолдас балалары желіге салып берші деп айтқан ғой. Мысалы, сіздерге бір сұрақ қояйыншы: "Сіз екі билет сатып алдыңыз делік. Белгілі бір себеппен "Қайраттың" ойынына бара алмай қалдыңыз. Сонда билетті не істейсіздер? Не істеу керегін өздеріңіз білесіздер ғой. Үйге алып қоясыздар ма... Біреуге бере саласыздар ма? Қымбат бағаға сатасыздар ма? Өздеріңіз білесіздер ғой. Бұл жерде жемқорлық емес... Бұл – менің ойым. "Реал Мадрид" Алматыға бірінші рет келіп жатыр ғой, міне. Клуб ойыншыларын бәрі де көргісі келеді. "Ойбай" дей бермеңіздерші, иә?! Менің баламды жемқор деп жазыпсыздар ғой. Жемқор болғанда менің балам қай жақтан ұрлап жатыр екен? Ойланыңыздар (күліп). Өздеріңізде екі билет бар, иә. Не істейсіздер? Сіздерге сұрақ, – деді Нұрлан Еспанов.