Тарихи жетістік: Айбек Оралбай өзбек жігітін сабап, әлем чемпионы атанды

Тарихи жетістік: Айбек Оралбай өзбек жігітін сабап, әлем чемпионы атанды

фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Суретте: Айбек Оралбай

Қазақ боксшысы Айбек Оралбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

90+ кг салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай өзбекстандық боксшы Жахонгир Закировпен кездесу өткізді. Нәтижесінде Айбек Оралбай қарсыласын төрешілердің шешімімен жеңді.

Айта кетейік, Айбек Оралбай2018 жылы Будапештте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі. 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді.  2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды

Сондай-ақ бұған дейін ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг) алтын медаль еншіледі. Ал әйелдер құрамасы сапынан Алуа Балқыбекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг) чемпион атанса, Назым Қызайбай (48 кг) күміс жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) қола медальді иеленді.