фото: ҰОК. Суретте: Төрехан Сабырхан
Қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан жапониялық Севон Окадзавамен кездесу өткізді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатында төрт рет чемпион атанған алғашқы боксшы. 2024 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, турнирдің ең техникалық боксшысы атағын иеленді.
Сондай-ақ бұған дейін ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) алтын медаль еншіледі. Ал әйелдер құрамасы сапынан Алуа Балқыбекова (51 кг) мен Аида Әбікеева чемпион атанса, Назым Қызайбай (48 кг) күміс жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) қола медальді иеленді.