Қуан, қазақ елі! Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпион атанды

Қуан, қазақ елі! Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпион атанды

фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Қазақс боксшысы Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында топ жарды,  деп хабарлайды Sportinside.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Тәшкенбай моңғолиялық Баттулга Алдархишигке қарсы шығып, қарсыласын қазылардың шешімімен жеңді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай алтын медальға қол жеткізсе, оның қарсыласы әлемдік біріншілікті күміс жүлдемен аяқтады. Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай бұған дейін 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.