фото: Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Виктория Графеева
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалдық жекпе-жекте Виктория Графеева бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен кездесіп, төрешілердің шешімімен қарсыласына есе жіберді.
Осылайша, Ребека Де Лима Сантос финалға шығып, енді алтын медаль үшін таласады, ал Виктория Графеева турнирді қола жүлдегер мәртебесінде аяқтады.