Қаралы хабар: Бір жарыстың өзінде екі боксшы ауыр жарақаттан қаза тапты

Қаралы хабар: Бір жарыстың өзінде екі боксшы ауыр жарақаттан қаза тапты

фото: freepik.com

Кәсібпқой жапон боксшысы Хиромаса Уракава 29 жасында жекпе-жектен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшы 2 тамызда Токиода өткен турнирде өнер көрсеткен. Ол сегізінші раундта отандасы Едзи Саитоға техникалық нокаутпен жеңілген.

Жекпе-жек барысында Уракава басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған миға қан құйылуына байланысты операция жасап, бас сүйегіне трепанация жасады. Медициналық көмекке қарамастан, сенбі күні спортшы көз жұмды.

"Бұл өте ауыр сәтте оның отбасына, жақындарына және жапон бокс қауымдастығына шын жүректен көңіл айтамыз", – делінген WBO хабарламасында.

Уракава – осы турнирде жекпе-жектен кейін қаза тапқан екінші спортшы. Бір күн бұрын WBO жапон боксшысы Сигетоси Котаридің қазасын хабарлаған. 28 жастағы спортшы да титулдық жекпе-жектен кейін дәл осындай жарақаттан көз жұмған.

Айта кетейік, Уракава кәсіби рингте 10 жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген.

Жақында әәсіби боксшы Серік Мұсаділовтің інісі 27 жастағы Шыңғыс Мұсаділовтің мәйіті Грузияда табылғанын жазған едік. Сондай-ақ АҚШ-та мексикалық боксшы Педро Антонио Родригес 37 жасында жекпе-жектен кейін қайтыс болды.