Қаралы хабар: Жақында ғана жекпе-жек өткізген боксшы ауыр жарақаттан көз жұмды

Қаралы хабар: Жақында ғана жекпе-жек өткізген боксшы ауыр жарақаттан көз жұмды

фото: depositphotos.com

28 жастағы жапон боксшысы Сигетоси Котари титулдық жекпе-жектен небәрі бірнеше күн өткен соң көз жұмды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алты күн бұрын ол рингте Ямато Хатомен кездесіп, чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте тең нәтижеге қол жеткізген еді. Алайда жекпе-жек барысында Котари ауыр бас жарақатын алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған субдуралды гематома диагнозын қойып, миға шұғыл ота жасады.

Өмірін сақтап қалу үшін трепанация жасалды. Бұл процедура ережеге сәйкес оның спорттық мансабының автоматты түрде аяқталғанын білдіреді. Дегенмен, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, 9 тамыздың түнінде Жапония бокс комиссиясы спортшының қайтыс болғанын растады.

"Рингтегі жауынгер. Рухы мықты батыр. Тым ерте кетті. Ойларымыз бен дұғамыз оның отбасы, командасы және бүкіл жапон бокс қауымдастығымен бірге", – делінген ресми хабарламада.

Жақында әәсіби боксшы Серік Мұсаділовтің інісі 27 жастағы Шыңғыс Мұсаділовтің мәйіті Грузияда табылғанын жазған едік. Сондай-ақ АҚШ-та мексикалық боксшы Педро Антонио Родригес 37 жасында жекпе-жектен кейін қайтыс болды