Денесі қонақүйден табылған: 21 жастағы жігіттің соққысынан кейін танымал боксшы қайтыс болды

Денесі қонақүйден табылған: 21 жастағы жігіттің соққысынан кейін танымал боксшы қайтыс болды

фото: pexels.com. Суретте: бокс қолғабы

АҚШ-та мексикалық боксшы Педро Антонио Родригес 37 жасында жекпе-жектен кейін қайтыс болды. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Родригестің соңғы жекпе-жегі 5 шілде күні Аризона штатында өтті. Ол америкалық спортшы Филипп Велламен қолғап түйістіріп, алты раундқа созылған жекпе-жекте жеңіліп қалды. Кейін оның денесі қонақүй бөлмесінен табылған.

Басылым мәліметінше, сол кеште Родригес басқа спортшылармен кешкі асқа баруға уағдаласқан, бірақ қонақүйдің лоббиіне түспеген. Оның жоғалғаны келесі күні белгілі болған – боксшыларды әуежайға жеткізу үшін келген автобусқа ол шықпаған.

Қазіргі уақытта спортшының өліміне қатысты ресми мәлімет жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, соңғы уақытта Родригестің спорттық мансабында сәтсіздік жиі кездескен. Ол соңғы жеті жекпе-жекте жеңіліске ұшырап, ең соңғысы 21 жастағы америкалық Филипп Веллаға қарсы болған еді.