фото: Видеодан скриншот. Суретте: Назым Қызайбай
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында тебірентерлік видео жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жариялаған видеосында жақында Астанада өткен Әлем кубогы турнирінде өзіне қолдау көрсеткен отбасына, туған-туыстарына алғысын білдірді.
"Туыс – бауыр, отбасы – баға жетпес байлық", – деп жазды Назым Қызайбай.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының мұрындық болуымен өткен Әлем кубогының кезекті кезеңінде Назым Қызайбай 48 кг дейінгі салмақта сынға түсіп, алтын медаль еншілеген болатын. Сондай-ақ оның үш дүркін әлем чемпионы деген атағы бар.
Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жақын құрбысы, боксшы Бусеназ Сюрменалиге бешбармақ дәмін татқызып, бір шошытып алған еді. Сондай-ақ Назым Қызайбай жарыстан кейін жанкүйерлеріне алғыс айтып, алда өтетін әлем чемпионатына дайындығы жайлы айтты.