Назым Қызайбай Олимпиада чемпионы атанған түрік қызына қойдың құлағын жегізіп, шошытып алды (ФОТО)

Назым Қызайбай Олимпиада чемпионы атанған түрік қызына қойдың құлағын жегізіп, шошытып алды (ФОТО)

фото: sportinside.kz. Суретте: Бусеназ Сюрменали

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жақын құрбысы, боксшы Бусеназ Сюрменалиге бешбармақ дәмін татқызып, бір шошытып алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында түрік боксшысы Бусеназ Сюрменалиді қонақ етіп, қазақ асханасынан дәм татқызып жатқан видеосын жариялады.

"Аталарымыз жол үстінде дастархан даярлап, бізді күтіп жатыр. Қыздар "в шоке". Өмірінде бірінші рет қойдың басын көріп отыр", – дейді Назым Қызайбай видеода.

Видеода ата боксшы қызға қойдың құлағын ұсынып, "же" дегендей ишара танытып жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, Бусеназ Сюрменали 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада топ жарған. Сондай-ақ ол үш мәрте әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.