фото: sportinside.kz. Суретте: Әбиба Әбужақынова
Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова Instagram парақшасында жаңа бейнежазба жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Спортшы қыз қазіргі уақытта танымал болып жатқан трендтегі әнге бейне түсіріп, оны әлеуметтік желіде бөлісті. Жарияланған видео көрермендердің ерекше назарын аударды – бейнежазба бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған лайк пен жылы пікірлер жинады.
Көпшілік Әбибаның нәзіктігі мен қарапайым мінезіне тәнті болып, оның келбетін француз қыздарына ұқсатты. Желі қолданушылары:
"Еркелігің жарасады, ерке қыз!", "Мінсіз бой мен фигура", "Әдемі, сымбатты, сүйкімді", "Француженкаға ұқсайды" деген сынды пікірлерін қалдырды.
Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова өткен айда Будапештте болған әлем біріншілігінде күміс медаль еншілеген болатын. Осы жетістігі үшін оған «Jenys» клубы су жаңа автокөлік сыйға тартты. Сондай-ақ әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген Әбиба Әбужақынова жоғары оқу орнын аяқтап, заңгер мамандығын иеленді. Бұдан кейін ол жаңа көлігіне ерекше нөмір тағып, оны желіде көрсетті.