Әбиба Әбужақынова көлігіне жұрт қызығатындай нөмір таққанын көрсетті (фото)

Әбиба Әбужақынова көлігіне жұрт қызығатындай нөмір таққанын көрсетті (фото)

фото: instagram.com/abiba48. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Белгілі қазақстандық дзюдошы, әлем чемпионатының жүлдегері Әбиба Әбужақынова жаңа көлігіне ерекше нөмір тағып, оны желіде көрсетті, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін, әлем чемпионатындағы табысты өнерінен кейін Әбибаға су жаңа Lexus ES автокөлігі сыйланған болатын. Ал бүгін, 5 шілдеде ол темір тұлпарына «001 ABI 06» деген нөмір таққанын жария етті.

«Менің туған күнім 4 шілдеде», – деп жазды спортшы фотосурет астына.

Айта кетейік, күні кеше ғана Әбиба Әбужақынова 28 жасқа толған еді.