Әбибә Әбужақынова әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Әбибә Әбужақынова әлем чемпионатының финалына жолдама алды

фото: ijf.org. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында испаниялық Лаура Мартинес Абелендамен белдесті.

Нәтижесінде испаниялық үш қателік жіберіп, Әбиба финалға жолдама алды.

Финалда Әбужақынова Италия өкілі Асунта Скутто мен франциялық Ширин Букли арасындағы белдесуде жеңіске жеткен спортшымен күреседі.

Айта кетейік, Әбиба бұған дейін әлем чемпионатының финалында бірде-бір рет белдеспеген. Оның еншісінде әлем біріншілігінің екі қола медалі бар.