"Мамам қыз болады деп ойлады": Елдос Колобок жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

"Мамам қыз болады деп ойлады": Елдос Колобок жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Елдос Колобок пен анасы

Танымал әзілкеш Елдос Колобоктың анасы болашақ немересі қыз болады деп ойлағанын айтты.

Елдос Колобок әлеуметтік желідегі парақшасында осы туралы айтып, жұртшылықты күлкіге қарық қылды.

"Мама әңгімені өлтіреді ғой. Негізі мама екеуіміз "қыз" болады деп ойладық, еще есімін таңдап қойғанбыз. Алланың қалауымен "ұл" болады бұйыртса, енді жақсы есім таңдау керек. Мама тағы ұрсамын деп қояды ғой", – деді Елдос Колобок.

Бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандаған танымал блогер Елдос Колобок жұбайымен бірге қуанышты жаңалығымен бөліскен еді. Олар көптен күткен сәбидің келуін "гендер-пати" арқылы жариялап, елді тебірентті. Бұл қуанышты жаңалықтың жүзеге асуына тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының тікелей көмегі тиген.

Бұдан кейін танымал "Экомед" клиникалар желісінің негізін қалаушы Салтанат Байқошқарованың сіңілісі Перизат Байқошқарова әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, бауырындай көрген әпкесінің еңбегі туралы айтты. Кейіннен Елдос Қадырханов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты айтылған сөздерге жауап беретінін айтты.