фото: SN.kz
Танымал "Экомед" клиникалар желісінің негізін қалаушы Салтанат Байқошқарованың сіңілісі Перизат Байқошқарова әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, бауырындай көрген әпкесінің еңбегі туралы айтты.
Оның айтуынша, елімізге экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) әдісін алғаш алып келген, сондай-ақ ұрығы мүлде жоқ ер адамдарға арналған арнайы микроскопты енгізген — Салтанат Берденқызының еңбегі. Мұндай заманауи аппарат тек Экомед клиникасында ғана бар.
«Елдос 'Колобоктың' балалы болуы туралы бәрі жазып жатыр. Бірақ бұл жетістікке жетуге себепкер – менің әпкем Салтанат Байқошқарова. Ол кісі елімізге ЭКОны алғаш алып келіп, ұрығы жоқ науқастарға арналған құрылғыны енгізді. Елдостың жағдайында оның ұрығы мүлде болмаған, сондықтан ең озық аппаратпен ота жасалды. Мұндай жағдай бізде күн сайын кездеседі», – деді Перизат.
Алайда оның бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының пікірімен келіспей қалды. Көпшілік бұл мәлімдемеден реніш пен қызғаныштың лебі сезіледі деп сынады:
«Алланың қалауымен болған жағдай ғой»,
«Салтанат Байқошқарованы бәрі біледі, есімін міндетті түрде атау керек емес»,
«Дәрігер Азамат мырзаның еңбегі неге мойындалмай отыр?»,
«Елдостар емді тегін жасатқан жоқ қой, неге ұрығы жоқ деп көпшілікке айту керек?»,
«Мұндай әңгімені айту дәрігерлік этикаға сай емес», – деген пікірлер қалдырды.