Ер адамға қандай уақытта тоқал алуға болады?

Ер адамға қандай уақытта тоқал алуға болады?

фото: aif.ru

Қазақ қоғамында тоқал алу мәселесі – ғасырлар өтсе де маңызын жоймаған тақырып. Бірі оны ата-бабадан қалған дәстүр деп таныса, енді бірі заман талабына сай келмейтін әрекет деп есептейді. Осы орайда біз тоқалдық жайлы дін мен дәстүр тұрғысынан анықтамалар мен шарттарды назарларыңызға ұсынамыз.

1. Ұрпақ көбейту ниеті болса

Ислам діні ұрпақты көбейтуді құптайды, бірақ бұл шексіз әйел алу деген сөз емес. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у):

"Үйленіңдер және көбейіңдер, Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын", – деген.
Алайда бұл жағдайда шариғаттың неке шарттары толық орындалуы тиіс.

2. Бірінші әйелдің рұқсаты міндетті

Шариғат бойынша, бірінші әйелдің келісімінсіз тоқал алуға тыйым салынады. Бұл – адамгершілік пен әділет қағидасының көрінісі. Әйелінің рұқсатынсыз жасалған неке отбасындағы сенімді, тепе-теңдікті бұзуы мүмкін.

3. Ер адамның әділеттілігі – басты талап

Қасиетті Құранда:

"Егер әділетсіздік жасап қоюдан қорықсаңдар, біреумен шектеліңдер", – делінген.
Бұл талап – ер адамның екі әйелдің де құқығы мен жағдайын тең ұстауға қауқарлы болуын көздейді.

4. Екінші әйелдің ата-анасының келісімі қажет

Қыздың әке-шешесінің келісімінсіз қиылған неке маукуф, яғни толық заңды неке деп саналмайды. Сондықтан ата-ананың батасы – екінші некеге де қажет.

5. Жесір мен жетімге қамқорлық – ізгілік белгісі

Қазақта әмеңгерлік салты осы ұстанымға негізделген. Жесірді жат жұртқа жібермей, жетімнің тұл жетім болмауын көздеген. Бұл – ата дәстүрі мен ислам дінінің гуманистік ұстанымының тоғысуы.

6. Бірінші әйелдің өзі ұсыныс айтқанда

Кейде әйел адам денсаулығына байланысты немесе ұрпақ сүйе алмайтынына көзі жеткенде, жолдасына екінші әйел алуға ұсыныс жасайтын жағдайлар да кездеседі. Бұл – отбасылық келісім мен құрметтің жоғары формасы.

Тарихи және әлеуметтік астар

Ислам тарихында да, қазақ тарихында да көп әйел алу азаматтық жауапкершілікпен байланысты болған. Жесір-жетімді жылатпау, ұрпақты сақтау, ұлтты аман алып қалу – басты ниет.
Қазіргі таңда бұл мәселеге шариғат шеңберінде әрі адамгершілік тұрғысынан қарау қажет.