Бокс

5 баланың анасы Азия чемпионатындағы жетістігі үшін үлкен марапатқа ие болды

Ахмет Қанатұлы
5 баланың анасы Азия чемпионатындағы жетістігі үшін үлкен марапатқа ие болды
Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Әйгерім Сәттібаева

Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тарапынан 1 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатына 19 елден 320-дан астам спортшы қатысқан. Осы беделді додада 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әйгерім Сәттібаева жоғары шеберлік танытып, қола жүлдеге қол жеткізді.

2026 жылғы Азия чемпионатында бес баланың анасы атанған спортшы жартылай финалда алаң иесі Номундари Энх-Амгаланмен кездескен. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліс тапты.

Ахмет Қанатұлы