Бокс

"Ұрсаң да – кінәлісің, ұрмасаң да – кінәлісің": Серік Сәпиев күтпеген мәлімдеме жасады

Ахмет Қанатұлы
"Ұрсаң да – кінәлісің, ұрмасаң да – кінәлісің": Серік Сәпиев күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: youtube.com/@laurabuyembayeva. Суретте: Серік Сәпиев

Серік Сәпиев YouTube желісіндегі "Почему не я" бағдарламасына берген сұхбатында Қарағанды облысының спорт басқармасы басшысы қызметінен не себепті кеткенін айтып, бұрынғы әріптесімен болған келіспеушілікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Серік Сәпиев сұхбат барысында бұрынғы орынбасары Даурен Есімхановпен болған жағдайды алғаш рет кеңінен түсіндірді.

"Орынбасарыма қатысты айтар болсам, ол заңға қайшы әрекеттер жасаған. Мен соны тоқтатуға тырыстым. Бірақ қиын жағдай болды: ұрсаң да кінәлісің, ұрмасаң да кінәлісің. Осындай жағдайда не істеу керек? Мен екінші нұсқаны таңдадым", – деді ол.

Сонымен қатар спортшы бұл жағдайдың салдарынан өзін "қиын жағдайға тап болған адам" ретінде сипаттады. Қызметтен кету шешімін өз еркімен қабылдағанын да атап өтті.

Ахмет Қанатұлы