2026 жылғы ораза кестесі: Алматы қаласы үшін ауыз бекіту және ауызашар уақыты

2026 жылғы ораза кестесі: Алматы қаласы үшін ауыз бекіту және ауызашар уақыты

фото: shutterstock.com

Алматы қаласы бойынша биылғы ораза уақыты белгілі болды. Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызда тәмамдалады. 

2026 жылғы негізгі діни күндер

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылға арналған маңызды діни күндердің алдын ала кестесі жарияланды.

2026 жылы мұсылмандар үшін мәні зор күндер мына мерзімдерге сәйкес келеді:

  • Рамазан айының басталуы (ораза) – 2026 жылғы 19 ақпан
  • Қадір түні (Ләйләтул-Қадр) – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн
  • Ораза айт – 20 наурыз 2026 жыл
  • Құрбан айт – 27–29 мамыр 2026 жыл
  • Миғраж түні – 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түн
  • Бараат түні – 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түн

Ауыз бекітерде оқылатын дұға

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى 

"Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан".

"Таңертеннен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім".

***

Ауызашардағы дұға

"Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә‘аләйкә тәуәккәлту уә‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту".

"Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күнінде де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір гөр!".

Оразаны не бұзады, не бұзбайды: Рамазан айына арналған нақты нұсқаулық

Ауызашарда және сәресіде (ауыз бекіткенде) оқылатын дұғалар – толық мәтіні

Ораза айт қай күні өтеді?

Ораза кезінде крем жағуға және боянуға бола ма? Дін мамандарының жауабы

Ораза қай уақыттан басталып, қай уақытта аяқталады: ауыз бекіту мен ауыз ашудың нақты мерзімі