фото: pixnio.com
Әкесі қайтқаннан кейін ұлы анасын "Қарттар үйіне" апарып тастады. Алғашқы кездері жиі барып тұратын, кейін мүлдем ат ізін салмады.
Бірде... "Қарттар үйінен" қоңырау шалып, анасының халі ауыр екенін, жылдамдатып жетпесе, үлгермей қалатынын айтып, күтуші қыз хабарласты.
Анасымен соңғы сапары алдында қоштасып жатып:
– Анашым, саған бірнәрсе керек пе? – деп сұрады.
Анасы ұлына:
– Жазда тым қатты ысып кетеді, салқындатқыш орнату керек. Сосын кейде тамақтар жиі бұзылады, тіпті аш қалатын кездерім де болады. Сол үшін бір тоңазытқыш алып келсең, – деді.
Ұлы:
– Анашым, мұның бәрі не үшін керек? – деп сұрады таңданыспен.
– Балам, мен бұл тауқыметтің бәрінен өттім. Менің уайымым сенің жайың: ертең балаларың осында әкеп тастаса, қайнаған ыстыққа да, аштыққа да шыдай алмайсың ба деп қорқам..."
Аударған – өзім.
Осы жерден (әлеуметтік желіден) оқып қалдым.
Ал қазақ мұны бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген: "атаңа не істесең, алдыңа келеді..."
Журналист Гүлзина Бектастың Facebook парақшасынан алынды.