фото: instagram.com/sabyrkhantorekhan. Суретте: Төрехан Сабырхан
Бокстан Қазақстан құрамасының белді мүшесі Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Сабырхан 1/8 финалдық кезеңде қарсыласынан басым түсті. Төреханның қарсыласы Нидерланды елінің өкілі Финн Роберт Бос болды. Қазақ боксшысы бұл кездесуде төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіске жетті.
Бүгін, 8 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының тарихи әлем чемпионатында Қазақстаннан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Гүлсая Ержан жарыстың 1/8 финалында Литва өкілі Ивета Лесинскитемен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.