Ауыр салмақтағы боксшы қызымыз медальға бір қадам жақындады

Ауыр салмақтағы боксшы қызымыз медальға бір қадам жақындады

фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Гүлсая Ержан

Қазақ боксшысы Гүлсая Ержан Ливерпульдегі әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Гүлсая Ержан жарыстың 1/8 финалында Литва өкілі Ивета Лесинскитемен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Гүлсая Ержан турнирдің ширек финалына жолдама алып, медальға бір қадам жақындады. Ал оның қарсыласы чемпионаттағы жорығын аяқтады.

Айта кетейік, Гүлсая Ержан – 2024 жылғы Азия чемпионы. Ол өткен жылдың желтоқсанында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен құрлықтық додада алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.