фото: ҰОК. Суретте: Айбек Оралбай
Бүгін, 8 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының тарихи әлем чемпионатында Қазақстаннан жеті боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әйелдер арасында Аида Әбікеева (65 кг) мен Гүлсая Ержан (80 кг), ал ерлер арасында – Бейбарыс Жексен (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90+ кг) өз бақтарын сынайды. Олардың жекпе-жектері "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Күндізгі сессия (сағат 16:00, Қазақстан уақыты):
- 5-жұп (A шаршы алаңы). Әйелдер. 80 кг. 1/8 финал. Гүлсая Ержан – Ивета Лесинските (Литва)
- 7-жұп (В шаршы алаңы). Ерлер. 70 кг. 1/8 финал. Төрехан Сабырхан – Финн Роберт Бос (Нидерланд)
- 11-жұп (В шаршы алаңы). Ерлер. 90 кг. 1/8 финал. Сағындық Тоғамбай – Джек Майкл Марли (Ирландия)
Кешкі сессия (сағат 22:00):
- 3-жұп (A шаршы алаңы). Әйелдер. 65 кг. 1/8 финал. Аида Әбікеева – Сук Ён Кан (Оңтүстік Корея)
- 6-жұп (A шаршы алаңы). Ерлер. 60 кг. 1/8 финал. Бейбарыс Жексен – Сачин (Үндістан)
- 12-жұп (В шаршы алаңы). Ерлер. 75 кг. 1/8 финал. Сабыржан Аққалықов – Павел Иллюша (Украина)
- 16-жұп (В шаршы алаңы). Ерлер. 90+ кг. 1/8 финал. Айбек Оралбай – Ілияс Мүджахит (Түркия)