фото: Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Виктория Графеева
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
60 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда ол Косово елінің өкілі Доньета Садикумен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Виктория Графеева 1/8 финалға жолдама алды, ал қарсыласы жарысты аяқтады. Сондай-ақ, кешкі сессияда Қазақстан атынан Бейбарыс Жексен (60 кг) және Надежда Рябец (75 кг) шаршы алаңға шығады. Ал күндізгі кездесуде Төрехан Сабырхан (70 кг) Алжир боксшысы Юсеф Ислам Яишті төрешілердің шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.