фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Төрехан Сабырхан
Қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында сәтті дебют жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалға жолдама алып, Алжир өкілі Юсуф Яишті жеңді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен (3:1) жеңіске жетті. Соңғы раундта қазақ боксшысы қарсыласынан әлдеқайда сенімді көрініп, оны екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңісті өз пайдасына шешті.
Келесі кездесуде Төрехан Сабырхан Нидерланд боксшысы Роберт Босқа қарсы шығады. Айта кетейік, ол бұған дейін үндістандық Хитешті сенсациялық түрде ұтқан. Бұл жекпе-жек 8 қыркүйекте өтеді.