фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Төрехан Сабырхан
Бүгін, 6 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт спортшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ерлер арасында Бейбарыс Жексен (60 кг) мен Төрехан Сабырхан (70 кг), ал әйелдер арасында Виктория Графеева (60 кг) және Надежда Рябец (75 кг) өнер көрсетеді. Олардың жекпе-жектерін "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Жекпе-жектердің кестесі:
Күндізгі сессия (15:00)
10-жұп (B шаршы алаңы). Ерлер. 70 кг. 1/16 финал. Төрехан Сабырхан – Юсеф Ислам Яиш (Алжир)
Кешкі сессия (22:00)
7-жұп (A шаршы алаңы). Әйелдер. 60 кг. 1/16 финал. Виктория Графеева – Доньета Садику (Косово)
9-жұп (A шаршы алаңы). Әйелдер. 75 кг. 1/16 финал. Надежда Рябец – Лина Ван (Қытай)
13-жұп (A шаршы алаңы). Ерлер. 60 кг. 1/16 финал. Бейбарыс Жексен – Джунмилардо Огайре (Филиппин)
Еске сала кетсек, бұл турнир World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан тұңғыш әлем чемпионаты.