Бүгін "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталады

Бүгін "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталады

фото: Craig Williamson/SNS Group via Getty Images. Суретте: "Қайрат" футбол клубы

Бүгін, 28 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Аталмыш шара барысында алматылық "Қайраттың" қарсыластары белгілі болады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жеребе тарту рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Еске сала кетейік, «Қайрат» алғаш рет тарихында Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде ойнайды. Биылғы маусымда қазақстандық клуб іріктеу кезеңінен сәтті өтті:

  • бірінші раундта словениялық "Олимпияны" екі матчтың қорытындысы бойынша (3:1) жеңді;
  • екінші раундта финлияндиялық "КуПС" командасымен тартысты кездесуде камбэк жасап (3:2), келесі кезеңге өтті;
  • үшінші раундта словакиялық "Слованды" пенальти сериясында жеңіп (1:1, пенальти – 4:3), сенсация жасады;
  • ал плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикті" жарыстан шеттетіп (0:0, пенальти – 3:2), тарихи жетістікке жетті.

Бұған дейін Қазақстаннан тек "Астана" ғана Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен еді (2015/16 маусымында). Ал "Қайрат" осыған дейін Конференциялар лигасының топтық кезеңіне дейін ғана барған болатын.