"Реал Мадрид" Алматыға келеді: "Қайрат" клубы күзде кіммен ойнайды?

"Реал Мадрид" Алматыға келеді: "Қайрат" клубы күзде кіммен ойнайды?

фото: James Gill - Danehouse/Getty Images. Суретте: Килиан Мбаппе

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Бұл – Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға. Демек, енді Еуропаның ең мықты командалары Алматыға ат басын тірейді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жеребе тарту рәсімі ертең, 28 тамызда өтеді. Дәл осы күні "Қайрат" жалпы кезеңдегі қарсыластарын біледі.

Алматылық клуб жеребеде төртінші себетке түседі. Бұл – оның Еуропаның алпауыт клубтарымен бір топқа шығатынын білдіреді.

  • 1-себет: "ПСЖ", "Реал", "Манчестер Сити", "Бавария", "Ливерпуль", "Интер", "Челси", дортмундтық "Боруссия", "Барселона".
  • 2-себет: "Арсенал", "Байер", "Атлетико" (Мадрид), "Ювентус".
  • 3-себет: "Тоттенхэм", "ПСВ", "Аякс", "Наполи" және басқалар.

Яғни «Қайрат» міндетті түрде Еуропаның грандтарымен кездеседі.

Жаңа форматқа сәйкес, Чемпиондар лигасында 36 команда бір кестеде өнер көрсетеді. Бірақ жеребе алдында клубтар дәстүрлі түрде төрт себетке бөлінеді. Әр команда әр себеттен екі қарсыласпен ойнайды: бір матч – өз алаңында, бір матч – сырт алаңда.

Admin
Admin
Автор