Баян Алагөзованың қызы "Қайраттың" қақпашысына қызығып, көзі түсті

Баян Алагөзованың қызы "Қайраттың" қақпашысына қызығып, көзі түсті

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Темірлан Анарбеков пен Айару Бақытбек

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков тарихи жеңістен кейін жұртшылықтың, тіпті спортқа қызықпайтын адамдардың да сүйіктісіне айналды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ерекше жайт, қызық ұсыныс жұлдызды отбасынан келген. Бұл – танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың қызы, 21 жастағы Айару. Оның әпкесі, блогер Айсәуле Бақытбек алматылық команданы қолдап, "Қайраттың" жеңісінен кейін сіңлісі Айаруға ерекше хабарлама жіберген.

"Қысқасы, Айару, саған Темірлан Анарбеков қажет, шұғыл", – деді Айсәуле Бақытбек.

21 жастағы футболшының қазіргі уақытта үйленгені туралы ашық деректер жоқ.

Жеребе тарту рәсімі бүгін, 28 тамызда өтеді. Дәл осы күні "Қайрат" жалпы кезеңдегі қарсыластарын біледі. Сондай-ақ "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, қомақты табысқа қол жеткізді.

Темірлан Анарбеков тарихи жеңістен кейін ел арасында кеңінен танылып кетті. Оның Instagram парақшасына жазылушылар саны артып келеді, ал пікір қалдырушылар бір-бірімен жарыса ризашылығын білдіріп жатыр.