"Қайрат" футбол клубы тарихи жетістігі үшін қанша табыс тапты?

"Қайрат" футбол клубы тарихи жетістігі үшін қанша табыс тапты?

фото: instagram.com/f.c.kairat. Суретте: "Қайрат" футбол клубының ойыншылары

Алматының "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, қомақты табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Басылым мәліметінше, алматылықтар іріктеу кезеңінде словениялық "Олимпияны" (екі ойын қорытындысы – 3:1), финляндиялық "КуПС"-ті (3:2) және словакиялық "Слованды" (1:1, пенальтиде – 4:3) жарыстан шеттетті. Ал плей-офф сатысында шотландиялық "Селтиктен" (0:0, пенальтиде – 3:2) басым түсті.

Осы жеңістердің арқасында "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтіп, 18,62 млн еуро (шамамен 11,6 млрд теңге) табысқа ие болды.

Сонымен қатар, топтық кезеңдегі әрбір жеңіс үшін клубқа – 2,1 млн еуро (1,3 млрд теңге), ал тең нәтиже үшін – 700 мың еуро (436 млн теңге) сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, "Қайрат" тарихи жетістікке қол жеткізіп, плей-офф раундының қарымта матчында өз алаңында "Селтикті" ұтып, топтық кезеңге жолдама алған болатын.