фото: uww.org. Суретте: Темірлан Тұрдақын
Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының өкілі Темірлан Тұрдақын Болгарияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасынан Темірлан Тұрдақын қола медаль үшін белдесті. 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Әзербайжан балуаны Орхан Физули Гаджиевті жеңіп, жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, қазақстандық "классиктер" әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады. Жарыста Диас Сейітқалиев күміс жүлде иеленсе, Арсен Жұма мен Юсуф Ашрафов қола медаль алды.