фото: uww.org. Суретте: Арсен Жұма
Қазақ балуаны Арсен Жұма Қырғызстан спортшысын 10:0 есебімен ойсырата жеңіп, 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
20 жасқа дейінгі грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.
Бұл жолы табысқа Арсен Жұма жетті. 55 келіге дейінгі салмақта ол қола медаль иегері атанып, кіші финалда қырғыз спортшысы Омур Ынтымак уулуын айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп – 10:0, кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы додада тағы бір қазақ балуаны Диас Сейітқалиев күміс жүлдегер атанған болатын.