18 жастағы қазақ баласы әлем чемпионатының финалында тарихи жетістікке жетті

18 жастағы қазақ баласы әлем чемпионатының финалында тарихи жетістікке жетті

фото: uww.org. Суретте: Диас Сейітқалиев

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Диас Сейітқалиев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

82 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Диас Сейітқалиев жарысты іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы белдесуінде грек балуаны Эммануил Николаидисті 12:4 есебімен ұтты.

1/8 финалда ол хорват Михаэл Лукашты 3:1 есебімен жеңсе, ширек финалда үндістандық Принцке еш мүмкіндік бермей, 9:0 есебімен айқын басымдық танытты.

Жартылай финалда қазақстандық балуан жапон Тайзо Ёсидуды да таза жеңіске жеткізетін есеппен (9:0) тізе бүктірді.

Ал шешуші финалдық белдесуде оның қарсыласы ресейлік Михаил Шкарин болды. Тартысты өткен айқаста 4:1 есебімен ресейлік спортшы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, Диас Сейітқалиев – жастар арасындағы қазіргі Азия чемпионы.