"Қолдау күтемін": Оразалы Досбосыновтың ұлы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

"Қолдау күтемін": Оразалы Досбосыновтың ұлы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Нұрсұлтан Досбосынов пен Оразалы Досбосынов

Танымал айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы желідегі парақшасында жаңа видео жариялады.

Айтыскер ақынның ұлы Нұрсұлтан жаңа бағытта өзін сынап жатқанын көрсетті. Бұған дейін Нұрсұлтан Досбосынов рэп саласында бағын сынап көруге бел байлағанын айтқанын жазған едік. Ол "NRS" лақапатымен REGION әнін шығарды.

"Стиль мен шындық — бір жол. Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының ұлы. Тыңдап көр, өз бағанды бер. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызды күтемін", – деп жазды Нұрсұлтан Досбосынов.

Еске сала кетейік, өз заманының дүлдүлі, марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әке атанғанын жазған едік.

Оразалы Досбосынов 1975 жылғы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданының Тегістік ауылында дүниеге келген. Айтыс өнерінің дүлдүлі небәрі 29 жасында өмірден өтті.

Ақынның анасы естелігінде, Оразалының әкесі үш ағайынды болғанын айтады: Жарылқасын, Қасым және Оразалы. Жарылқасынның туған ағасы Оразалы Қытайдың Текес өңірінде ақын әрі жыршы болыпты. Өнер жолында жүріп, одан кейін хабарсыз кеткен. Сол ағасының есімі ұмытылып қалмасын деген ниетпен Жарылқасын ұлына Оразалы атын қойған екен.

Айтыс сахнасында өзіндік ерекше мақамымен және жаңашылдық қырымен танылған Оразалы Досбосынов көзі тірісінде "Құлмамбеттің құлыны" деген атқа ие болған.

Алматы облысы Шонжы ауылынан қайтып келе жатқан жолында көлік апатына ұшыраған ақын 30 жасқа толар шағында өмірден өтті. Одан екі жыл өткен соң, 2011 жылы, оның жары Ажар Түзелбекқызы да жол апатынан қаза тапты. Арттарында Нұрайша есімді қызы мен Нұрсұлтан есімді ұлы қалды.