фото: sportinside.kz коллажы
Танымал айтыскер ақын, өз заманының дүлдүлі, марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әке атанды.
Оразалы Досбосыновтың есімімен ашылған Instagram желісіндегі парақшасында тараған ақпаратқа сәйкес айтыскер ақынның ұлы әке атанды.
"Ораз ағамыздың немересінің бауы берік болсын, үлкен азамат болсын!", – делінген осы парақша жариялаған жазбада.
Елім деп еңіреген ақынның өмірі 29 жасында қыршыннан қиылса да, оның рухани мұрасы мен сөзі ел есінде. Енді, міне, артында қалған тұяғы шаңырақ көтеріп, өмірге Оразалының немересі келді.
Желі қолданушылары сәбидің өмірге келуін қуанышпен қарсы алып, ақжарма тілектерін жаудырды:
"Бауы берік болсын! Атасы сияқты алпауыт ақын болсын", "Адам ұрпағымен мың жасайды. Атасының атын шығаратын мықты азамат болсын!", "Атасы мен апасы көрмей кетті, әттең бір кем дүние..."