"Әке-шешемді сағындым": Оразалы Досбосыновтың ұлы ел күтпеген жаңалығын айтты (ВИДЕО)

"Әке-шешемді сағындым": Оразалы Досбосыновтың ұлы ел күтпеген жаңалығын айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялады.

Нұрсұлтан Досбосынов Instagram желісіндегі ресми парақшасында рэп саласында бағын сынап көруге бел байлағанын айтты. Ол әке-шешесін өте қатты сағынғанын айтып, солардың көзін көрген аға-әпкелеріне амандық тіледі.

"Мен – Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелекқызының ұлы, Нұрсұлтан Доспосынов. Қазір NRS деген атпен рэп саласында өзімді көрсетіп, тыңдармандарымды қуантуға тырысамын. Сонымен қатар, блог жүргізуді қатар алып жүріп, өз өмірімдегі сәттермен сіздермен бөлісіп отыруға ниеттімін. Қолдау білдіріп, бірге болайық", – деді Нұрсұлтан Досбосынов.

Еске сала кетейік, өз заманының дүлдүлі, марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әке атанғанын жазған едік.

Оразалы Досбосынов 1975 жылғы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданының Тегістік ауылында дүниеге келген. Айтыс өнерінің дүлдүлі небәрі 29 жасында өмірден өтті.

Ақынның анасы естелігінде, Оразалының әкесі үш ағайынды болғанын айтады: Жарылқасын, Қасым және Оразалы. Жарылқасынның туған ағасы Оразалы Қытайдың Текес өңірінде ақын әрі жыршы болыпты. Өнер жолында жүріп, одан кейін хабарсыз кеткен. Сол ағасының есімі ұмытылып қалмасын деген ниетпен Жарылқасын ұлына Оразалы атын қойған екен.

Айтыс сахнасында өзіндік ерекше мақамымен және жаңашылдық қырымен танылған Оразалы Досбосынов көзі тірісінде "Құлмамбеттің құлыны" деген атқа ие болған.

Алматы облысы Шонжы ауылынан қайтып келе жатқан жолында көлік апатына ұшыраған ақын 30 жасқа толар шағында өмірден өтті. Одан екі жыл өткен соң, 2011 жылы, оның жары Ажар Түзелбекқызы да жол апатынан қаза тапты. Арттарында Нұрайша есімді қызы мен Нұрсұлтан есімді ұлы қалды.