фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Демеу Жадыраев
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев қызмен түскен суретін желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраев Instagram желісіндегі ресми парақшасында қызымен түскен суретін салды. Балуанның қызының есімі – Дана.
Демеу Жадыраевтың анасы Күлипа Бижанова сұқбаттарының бірінде ұлы өзінің алғашқы перзентін 5 жыл күткенін айтты.
"Бішкекте Олимпиадаға жолдама ұтып алды. Сол жарысқа барғанда келінім босанып, немерелі болдым. Демеудің бес жыл күткен тұңғышы – Дана қызым өмір есігін ашты. Немеремнің аяғы алтын! Демеудің Париждегі жетістігі – немеремнің несібесі. Асыға күткен немереміз әкесінің жолын оңғарып, жетістікке жетуіне септігін тигізді", – деген еді Күлипа Бижанова.
Айта кетейік, 35 жастағы Демеу Жадыраев Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-приінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Кейіннен спортшының дайындығы мен белдесулері жайлы жеке бапкері Боранбек Қоңыратов пікір білдірген болатын.