Демеу Жадыраев Олимпиададан кейінгі беделді турнирде чемпион атанды

Демеу Жадыраев Олимпиададан кейінгі беделді турнирде чемпион атанды

фото: Kadir Caliskan - United World Wrestling/Getty Images. Суретте: Демеу Жадыраев

Грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраев 2025 жылғы алғашқы жарысына қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

35 жастағы спортшы Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-приінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол венгриялық балуан Роберт Фричті тізе бүктірді. Қола жүлде ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаевқа бұйырды.

Еске сала кетейік, былтыр Демеу Жадыраев Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында сенсация жасап, күміс медаль жеңіп алған болатын. Олимпиада финалында ол жапониялық Нао Кусакадан жеңілген еді.