фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Әліби Ыдырыс
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ жауынгері Әліби Ыдырыс UFC-дің The Ultimate Fighter жобасына қатысудағы әсерін бөлісіп, алда өтетін финалдық жекпе-жек жайлы айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
17 тамыз таңертең (Чикаго, АҚШ) Әліби Ыдырыс UFC келісімшарты үшін америкалық Джозеф Моралеске қарсы октагонға шығады. Бұл жекпе-жек UFC 319 турнирі аясында өтеді, кештің басты бәсекесінде Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси арасында өтеді.
"Шынымды айтсам, мен бұл жерге жай ғана жеңіс үшін келген жоқпын. Мен бұл жерге арманым үшін келдім. Бұрын да айтқанмын, мен тек жай ғана төбелесе салғым келмейді. Мен шоу жасағым келеді. TUF-та қалай өнер көрсетсем, финалда да сондай жарқын айқас көрсеткім келеді", – деді Әліби Ыдырыс.
Еске сала кетейік, бұған дейін біз Әліби Ыдырыстың анасының ертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жергілікті базарда сүт өнімдерін сатып, адал еңбегімен күн көріп жүргенін жазған едік.