"Жеңісімді өмірден өткен жан құрбыма арнаймын": Әбиба жұртты жылатты (ВИДЕО)

"Жеңісімді өмірден өткен жан құрбыма арнаймын": Әбиба жұртты жылатты (ВИДЕО)

фото: Сали Сабиров. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында жеткен жетістігін өзінің марқұм құрбысына арнайтынын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әбиба Әбужақынова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жан тебірентерлік видео жариялады. Ол әлем чемпионатында еншілеген күміс жүлдесін марқұм құрбысына арнайтынын айтып, жылап қалды.

"Бұл жеңісімді өмірден өтіп кеткен жан құрбыма арнаймын. Жол апатынан қаза тапқан еді", – деді Әбиба Әбужақынова оның суретін көрсетіп.

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова өткен айда Будапештте болған әлем біріншілігінде күміс медаль еншілеген болатын. Осы жетістігі үшін оған «Jenys» клубы су жаңа автокөлік сыйға тартты. Сондай-ақ әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген Әбиба Әбужақынова жоғары оқу орнын аяқтап, заңгер мамандығын иеленді.